✏ Біздің оқырманымыздан ✍
Менің бір жылда түйген ойларым.
1.Өмірдің бізге берері мол. Ал сіздің ше...
2.Көп нәрсені жоғалтатынымыз анық. Ең ауыры - жаныңа жақын жандарды жоғалту.
3.Біздің басты қателігіміз ол- қателік жасаудан қорқуымыз.
4.Идеал нәрселер өмірде жоқ. Сондықтан, сағым қумаңыз.
5.Асықпаңыз! Әр нәрсе өз уақытымен келеді.
6.Өзіңді сүйе біл. Себебі, сен әлемдегі жалғыз ғана экземплярсың.
7.Өзіңіз қалағандай өмір сүріңіз, бірақ әрбір істеген ісіңізге жауап беруге дайын болыңыз.
8.Адам қызық тіршілік иесі, өзін-өзі алдайды және соған сеніп жүреді.
9.Өмір сен ойлағандай емес екенін ұмытпа! Кез келген соққыға дайын бол.
10.Білгің келе ме? Сұра! Өзгеге қатысты емес, өзіңе қатысты нәрсеге аралас.
11.Робот сияқты өмір сүргеннен көрі, құрығанда 1 күн, 1 апта адам сияқты өмір сүр!!!
12.Өмір сенікі. Не істесеңде өзің білесің. Бірақ ол өмір жаман болса ешкімнен көрме.
13.Біз биіктен емес, құлаудан қорқамыз.
14."Әттең..." мен "Шіркін..."-нің ортасында жүріп өміріңді босқа өткізіп алма.
15.Шындығында, әрқашан нүктені үтірге айналдыруға болады.
16.Кейде бақытты болу үшін, сүйікті адамыңды көруде жеткілікті.
17.Егер басқа ракурстан қарай білсеңіз, барлық адам жақсы.
18.Сөйлескенде жүзіңізге күлкі үйілдіретін адамдар болады. Олардан ешқашан қол үзбеңіз.